Елордада ұзаққа созылған құрылыс қайта жанданды
<p style="text-align: justify;">Елордада ұзаққа созылған құрылыс қайта жанданды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> хабарлайды. </p>
Алты жүзден астам үлескер өз пәтерін күтуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтың айтуынша, “Жағалау-4" тобының құрылысы қайта жанданды.
“Жұмыстарды аяқтауға мемлекеттен қаражат бөлінді. Құрылыс соңғы төрт жылда тоқтап тұрған, себебі сот процестері болды. Нысанда құрылысшылардың бірінші тобы жұмыс жасап жатыр. Мұнда 600-ден астам үлескер бар”, - деп жазды А.Көлгінов өзінің Instagram парақшасында.
Сонымен қатар қала әкімі таңертеңгілік аралау барысында бірқатар әлеуметтік тұрғын үй құрылысының барысымен танысты (Е34, Е45 және Е18; Е32, Е33 және Е18 жобалық атаулары бар көшенің қиылысы).
“Құрылыс қарқынын арттыруды тапсырдым. Жұмысшылар мен техниканың санын көбейту қажет. Бастысы санитария нормаларын қатаң сақталу керек,” - деді қала әкімі.