Қазақстан
1 мин оқу 406
"Шәмшінің әнін шырқа!" әуендер жобасы жарияланды
<p style="text-align: justify;">"Қазақстан" телерадиокорпорациясы композитордың 90 жылдық мерейтойына орай, әлеуметтік желіде "Шәмшінің әнін шырқа!" әуендер жобасын жариялайды, - деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
Жобаға қатысу үшін сазгердің өзіңіз сүйіп тыңдайтын әнін орындап, әлеуметтік желідегі парақшаңызға жариялаңыз. Жарияланымға #Шәмші90жас хештегін қойып, @qazaqstantv парақшасын белгілеу қажет. Қатысушылардың жас шамасына шектеу қойылмайды.
Қосымша талаптар:
- Әнді толық орындау;
- Ұялы телефонды көлденең (горозонталды) түрде қойып түсіру;
Ең сәтті шыққан түсірілімдерден бейнебаян әзірленіп, "Qazaqstan" және "Abai" телеарналарының эфирінен көрсетіледі.
Бөлісу: