Спорт
2 мин оқу 743

УЕФА Чемпиондар және Еуропа лигасы матчтары тікелей эфирде көрсетіледі

<p style="text-align: justify;">Еурокубоктар үшін талас қайта жалғасуда. 1/8 финалдың қалған матчтары қабылдаушы командалардың алаңдарында өтеді.&nbsp; Турнирлер наурызда коронавирус пандемиясына байланысты тоқтатылып, кейін УЕФА еурокубоктарды тамыз айында ойнату туралы шешім қабылдаған болатын. Биыл Чемпиондар лигасы "сегіздің финалы" форматында аяқталады. Тамыз айының 5-8 аралығында 1/8 финалдық матчтардың тікелей трансляциясын "QAZAQSTAN" және "QAZSPORT" телеарналары көрсетеді, - деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Келесі кезеңге өткен 4 команда: "Аталанта", "Атлетико", "ПСЖ" мен "РБ Лейпциг". Өзге 4 команда 1/8 финалдың жауапты матчтары өткен соң анықталады. Ширек финалға шығу үшін "Ювентус" – "Лион", "Барселона" – "Наполи", "Манчестер Сити" – "Реал" мен "Бавария" – "Челси" командалары өзара бақ сынайды.

УЕФА Чемпиондар лигасы, 1/8-финалы. Ойындар күнтізбесі:
"QAZAQSTAN" телеарнаcы:
7 тамыз - "Манчестер Сити" - "Реал Мадрид". Уақыты: түнгі сағат 00:55
8 тамыз - "Бавария" - "Челси". Уақыты: түнгі сағат 00:55

"QAZSPORT" телеарнаcы:
7 тамыз - "Ювентус" - "Лион". Уақыты: түнгі сағат 00:55
8 тамыз - "Барселона" - "Наполи". Уақыты: түнгі сағат 00:55

УЕФА Еуропа лигасы, 1/8-финалы. Ойындар күнтізбесі:

"QAZAQSTAN" телеарнаcы:
5 тамыз - "Манчестер Юнайтед" - "Ласк". Уақыты: түнгі сағат 00:55
6 тамыз - "Базель" - "Айнтрахт". Уақыты: түнгі сағат 00:55

"QAZSPORT" телеарнаcы:
5 тамыз - "Шахтер" - "Вольфсбург". Уақыты: түнгі сағат 22:45
5 тамыз - "Копенгаген" - "Истанбул". Уақыты: түнгі сағат 22:45 (Сайтта https://qazsporttv.kz/kz/live)
5 тамыз - "Интер" - "Хетафе". Уақыты: түнгі сағат 00:55
6 тамыз - "Рома" - "Севилья". Уақыты: түнгі сағат 22:45
6 тамыз - "Байер" - "Рейнджерс". Уақыты: түнгі сағат 22:45 (Сайтта https://qazsporttv.kz/kz/live)
6 тамыз - "Вулверхэмптон" - "Олимпиакос". Уақыты: түнгі сағат 00:55.

Бөлісу:
УЕФА Чемпиондар және Еуропа лигасы матчтары тікелей эфирде көрсетіледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар