Экономика
2 мин оқу 351

Жаңа және ескі автокөліктер қай өңірде көп?

<p style="text-align: justify;">Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясының мамандары елімізде тіркелген жеңіл автокөліктердің жаңасы мен ескісі қай өңірлерге тән екенін зерттеп, қортындысын ұсынды.</p>

Жаңа және ескі автокөліктер қай өңірде көп?

Ұлттық экономика министр­лігі Статистика комитетінің белгі­леуі бойынша, биыл 1 мау­сымда елімізде 3 млн 884,4 мың жеңіл автомашина тір­ке­л­ген. Бұл 2019 жылдың осы тақ­ы­леттес кезеңімен салыстырғанда (3774,9 мың бірлік) 3%-дан астам көрсеткіш. Зерделеу барысында елдегі көліктердің басым көпшілігін зауыттан шық­қанына 10 жылдан асқан көлік құралдары құрады – 65% (2 537 083 бірлік). Шығарылған уақыт 7-10 жыл аралығындағы көліктердің жалпы саны 6%-ды құрайды (248 696 бірлік). Сондай-ақ 3 жылдан 7 жылға дейінгі темір тұлпар үлесі – 15,2% (592 249) болса, соңғы үш жылда шығарылған көліктерге 11% (425 222) тиесілі.

Статистика комитетінің мәліметтеріне сәйкес, Freedom Finance Insurance мамандары жаңа автокөліктерді жиі кез­дестіруге болатын аумақ­тар­ды, сонымен қатар ескі авто­ма­шиналары ең көп өңір­лерді айқындады. Бұл рейтинг­тер тіркелген жеңіл автомашина­лардың жалпы санына қатысты пайыз бен жас шамасына сәйкес құрастырылған.

Осылайша зауыттан шыға­рыл­ғанына, яғни жас шамасы 3 жылдан аспайтын авто­көлік саны басым 5 аумақ топта­масының ең төменгі сатысында Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Ақ­төбе облыстары енді. Жаңа автокөлік саны бұл өңір­лерде жас шамасына сәйкес, көлік құралдарының жалпы санының 4%-ын құрайды. Ал 4 орынды Алматы және Қостанай об­лыс­тары бөлісті – 5%. 3-орын Қара­­ғанды және Атырау облыс­тарында – 6%. 2-орын Нұр-Сұлтан қаласына берілді, жаңа авто­ның жалпы санындағы елор­даның үлесі 14%-ды құрайды. Аталған рейтингтің үздігі Алматы қаласы болып шықты. Алып шаһарда тіркелген көлік құралдарының саны – 73 525, яғни жас шамасы 3 жылдан кем көліктердің үлесі – 17%.

Пайдаланылғанына 10 жылдан асқан көлік саны бойынша республикадағы бестіктің соңында Жамбыл облысы (7%) тұрса, 4-орында Қарағанды облысы – 8%. Ал үздіктер үш­тігін үлесі 9%-ды құрайтын Шы­ғыс Қазақстан облысы ашады. Екінші орындағы Алматы қа­ласына ескі көліктердің 10%-ы тиесілі. Ескі көлігі ең көп өңір ретінде Алматы облысы танылды. Мұнда зауыттан шыққанына он жылдан асқан 392 160 жеңіл көлік құралы тіркелген, бұл өңірдегі көліктердің жалпы санының 15%-ын құрайды.

Ал 3 және 7 жыл аралығын­дағы автокөлік саны бойын­ша ең көбі Алматы (15%) және Нұр-Сұлтан қалаларында (11%) тіркелсе, ең азы Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Жам­был облыстарында – 2%.

Сонымен қатар Алматы қала­­сын­дағы жас шамасы 7-10 жыл арал­ығындағы ең көп же­ңіл авто­машиналар саны ай­қын­­дал­ды, бұл жас шамасына сәй­кес жалпы санның 18%-ын құ­райды. Аталған санат­та­ғы кө­лік­тердің ең аз саны Түркіс­тан об­лысында – бар болғаны 2%.

Бөлісу:
Жаңа және ескі автокөліктер қай өңірде көп? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар