Әлем
1 мин оқу 250

Түркия курорттық аймақтарға қатысты мәлімдеме жасады

<p style="text-align: justify;">Түркияның денсаулық сақтау министрлігі елдегі курорттық аймақтарда коронавирус өршіп тұр деген ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

"Курортты аумақта індет өршіген жоқ. Ондай мәселе де жоқ. Біз Анкара, Ыстамбұл, Конье, Диярбакыр, Газиантеп сынды ірі қалаларда ауру жұқтырғандар саны өскенін бақылап отырмыз", - деді министрлік өкілі.

Ол Анталья провинциясындағы коронавирус статистикасына тоқталды. Онда соңғы аптада COVID-19 жұқтыру дерегі 70-тен 59-ге азайған. Анталья Жерорта теңізі аумағында орналасқан.

Айта кету керек, қазіргі таңда Түркияда коронавирус жұқтырудың 236 112 дерегі тіркелген, ал сауыққандар саны 219 506-ға жеткен. 5784 адам індеттің құрбаны болды.

Бөлісу:
Түркия курорттық аймақтарға қатысты мәлімдеме жасады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар