Аймақтар
1 мин оқу 1,154

Атырауда карантин талабы өзгерді

<p style="text-align: justify;">Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Ғайнеденов өзінің 2020 жылғы 2 тамыздағы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді, - деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырауда карантин талабы өзгерді

"Ұйымдар мен кәсіпорындарға, сондай-ақ, ауыл және балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлік субъектілеріне қызмет көрсетуді қоспағанда, автомобиль жуу, автомобиль көлігін (техникалық қызмет көрсету станциясы) жөндеу, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету жөніндегі қызметке тыйым салынсын;

Халыққа қызмет көрсету орталықтары  (оның ішінде мамандандырылған ХҚКО-ның) жұмысын алдын ала брондау бойынша қатаң түрде Egov.kz, egovkzbbot 2.0 телеграмм-боты жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, CaII орталықтарының жұмыс кестесі сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, мамандандырылған ХҚКО демалыс күндері сағат 09.00-ден бастап сағат 15.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілсін;

Республикалық маңызы бар (Атырау-Ақтөбе, Атырау-Орал, Атырау-Астрахань, Атырау-Маңғыстау) автокөлік жолдарының бойында орналасқан шиномонтаж және вулканизация объектілерінің жұмысына рұқсат берілсін", - делінген қаулыда.

Бөлісу:
Атырауда карантин талабы өзгерді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар