Спорт
1 мин оқу 180
UWW күз айларында халықаралық жарыс өтпейтінін мәлімдеді
<p style="text-align: justify;">Біріккен күрес әлемі қыркүйек-қазан айларында өтуі тиіс жарыстарды кейінге шегерді. Халықаралық жарыстардың шегерілуіне коронавирус індеті себеп болған, деп хабарлады <a href="https://olympic.kz/">Оlympic.kz.</a></p>
Аталған шешімді UWW атқарушы комитеті қабылдады.
"Біз әлемдегі жағдайға қатысты реакцияны бақылап отырмыз. Сондай-ақ, біз спортшылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне жауаптымыз. Жарысты бастан-аяқ қауіпсіз өткізетінімізге сенімді болған кезде, қайтадан күресті бастаймыз", - дейді UWW президенті Ненад Лалович.
Атқарушы комитет маусым күнтізбесін талқылайтын келесі отырысты қыркүйекке жоспарлауда.
Бөлісу: