COVID-19: Түркиядағы індетпен күрес
<p style="text-align: justify;">Түркия Денсаулық сақтау министрі Фахредтин Қожа Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында 6 тамызда вирус таралуы жөнінде инфографиканы жария етті, - деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ондағы мәліметке қарағанда қазіргі уақытқа дейін ел аумағында ауру жұқтырғандардың жалпы саны 236 112 адамды құрап, тек кеше ғана 1178 тест тапсырушыдан вирус барлығы анықталған.
Кеше 19 пациент SARS-CoV-2-ден қайтыс болып, оларды қосып есептегенде барлығы 5784 түркиялық пандемия кезінде бақиға аттанған көрінеді.
Инфографикада 219 506 адамның аурудан айығып, індет елге келгеннен бері 5 027 308 тест тапсырылғаны көрсетілген. Ал кешегі күні 53 842 түркиялық тестілеуден өтіпті.