"Philharmonic Online Fest" онлайн-фестивалі өтеді
<p style="text-align: justify;">Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы 2020 жылғы 11-тамыз бен 11-қыркүйек аралығында "Philharmonic Online Fest" онлайн-фестивалін ұсынады, - деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Фестиваль аясында көрермендер филармонияның танымал талантты солистері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғабит Несіпбаев, Гүлжан Үзенбаева, Ермек Құрманаев, Әмір Бисенғалиев, Майя Сепп, сондай–ақ музыкалық ұжымдар - Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрін, ҚР Мемлекеттік хор капелласын, Ғ. Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің концертін филармонияның әлеуметтік желідегі ресми Youtube арнасы арқылы онлайн форматта тамашалай алады.
Іс-шараның мақсаты - көрермендерге филармонияның концерт залына баруға мүмкіндік жоқ карантин кезеңінде онлайн форматта, әлемдік классикалық музыканың ең үздік үлгілерін тамашалауға, сондай-ақ филармония музыканттарының шығармашылығымен танысуға мүмкіндік беру.
Фестиваль бағдарламасында қазақстандық және шетелдік композиторлардың шығармалары бар.