Саясат
1 мин оқу 283

Жеңілдік жасалды

<p style="text-align: justify;">Президент жанындағы экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мем&shy;лекеттік комиссия пандемия ке&shy;зе&shy;&shy;ңінде денсаулық сақтау орган&shy;да&shy;рында мемлекеттік қызметке та&shy;ғайындауды және конкурстық рә&shy;сім&shy;дер&shy;ді жеделдетіп жүргізу мәселесін пы&shy;сықтауды тапсырған болатын.</p>

Жеңілдік жасалды

Бұл ретте карантин кезеңінде Үкіметтің әлеу­меттік блогына жүктелген қазіргі және алдағы міндеттерді ескере отырып, же­дел­де­тілген конкурстық рәсімдерді ха­лықты әлеуметтік қорғау (бүгінгі жағдайларда әлеу­меттік шараларды қам­тамасыз ету жө­ніндегі міндеттерге бай­ла­нысты) және білім беру (пандемия кезеңінде үздіксіз білім беру процесін сапалы ұйымдастыру жөніндегі міндеттерге байланысты) сала­ла­рын­дағы органдарға тарату туралы шешім қабылданды.

Конкурстық рәсімдердің мерзімін қыс­қарту осы органдардағы бос жұмыс орын­дарын жедел толтыруға мүмкіндік бере­ді, бұл осы ведомстволарға жүктелген міндеттерді уақтылы орындауға ықпал етеді. Жо­ғарыда айтылғандарды ескере отырып, Мем­лекеттік қызмет істері агенттігінің осы жылғы 22 шілдедегі бұйрығымен конкурсты өткізу Ережесіне тиісті түзетулер енгізілді.

Мәселен, енгізілген түзетулерге сәйкес карантин кезеңінде денсаулық сақ­тау, еңбек және халықты әлеуметтік қор­ғау, білім және ғылым министрліктері, сондай-ақ әкімдіктердің денсаулық сақтау, ха­лық­ты жұмыспен қамту және білім беру сала­сындағы бөлімшелері лауазымдарына кон­курстар өткізу мерзімі қысқартылды. Осы­лайша конкурстық рәсімдер жиырма екі күннен төрт күнге дейін қысқартылды.

Бөлісу:
Жеңілдік жасалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар