Елорда
1 мин оқу 500

Елордада мұғалімдер мен дәрігерлерге әлеуметтік тұрғын үй салынуда

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан әкімдігі Қазақстандық ипотекалық компаниямен бірлесіп бірқатар әлеуметтік тұрғын үй құрылысын жүзеге асыруда. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;хабарлайды.</p>

"Бұл үйлер сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй қатарына жатады. Қолжетімді баспана мұғалімдер мен дәрігерлер арасында бөлінеді. Биыл берілетін пәтер саны — 1 мыңға жуық. Бүгін Абайдың 150 жылдығы, Шұғыла, Қосшығұлұлы, Торайғыров көшелерінде, Төлебаев және Шарбақты көшелерінің қиылысында және Тілендиев даңғылында орналасқан үйдің құрылысы барысымен таныстым", деп жазды Алтай Көлгінов өзінің "Инстаграм" парақшасында.

Бұдан басқа, кезекте тұрған (халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына), тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары үшін тұрғын үй салу бойынша жұмыс жүріп жатыр. Келесі жылдарға бағытталған дайындық жұмыстары да басталды.

Бөлісу:
Елордада мұғалімдер мен дәрігерлерге әлеуметтік тұрғын үй салынуда · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар