Қазақстан
1 мин оқу 190
40 мың пациент үшін 8,7 млрд теңгеге дәрі сатып алынады
<p style="text-align: justify;">КВИ емдеуге арналған дәрі-дәрмектердің дефицитін жою бойынша қабылдаған шаралар туралы "СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев айтып берді, - деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
Ең алдымен, қысқа мерзімде дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесін жедел шешуге көмектесетін шұғыл шаралар кешені жасалды:
- КВИ емдеу үшін дәрілік заттардың айлық қорын 2,6 млрд теңгеге жөнелту.
- 40 мың пациент үшін 8,7 млрд теңге сомасына қосымша мөлшерде сатып алу.
- 24 млрд теңге сомасына 100 мың пациентті емдеуге арналған дәрілік заттар бойынша 2 айлық резерв қалыптастыру.
- Сұранысқа ие препараттарды бөлшек саудада өткізу.
Компанияның логистикалық процестерін жаңғырту жүргізілді. Жағдайды өзгерту үшін логистикалық формат статикалық форматтан динамикалық форматқа өзгертілді.
- КВИ бойынша жедел жағдай кезеңінде барлық дәрілік заттар медициналық ұйымдарға жіберіледі.
- Кезекші топтарды қалыптастыру жолымен қойманың 24/7 режиміндегі жұмысы;
- Жоспарлы рейстер саны 1,7 есеге артты;
- Жөнелту мерзімін 2 аптадан 1 аптаға дейін қысқарту;
- Тауарды Хабтан аймақтарға Cross-docking қағидаты бойынша бөлу;
- Дәрілік заттарды есептеуді жеделдету үшін қойма қызметкерлерінің саны артты;
- Дәрі-дәрмектерді жеткізуді жеделдету үшін авиакомпаниялармен келісім;
Бөлісу: