Қазақстан
1 мин оқу 140

Ауруханаларға қажетті препараттар жеткізілді ме?

<p style="text-align: justify;">Ауруханаларды қажетті препараттармен қамтамасыз ету бойынша&nbsp;"СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы&nbsp;Ерхат Есқалиев айтып берді, - деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a><strong><br /></strong></p>

"Жұқпалы аурулар ауруханаларына (189 аурухана) және провизорлық орталықтарға (330 орталық) COVID-19 емдеу үшін клиникалық хаттамаға енгізілген препараттардың 91 атауы жөнелтіледі. Коронавирустық инфекция пайда болған сәттен бастап 12,8 млрд теңге сомасына дәрілік препараттар жөнелтілді", деді ол.

Шілде айының басынан бастап ауруханаларда дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесін шұғыл шешу үшін жоспардан тыс 2,6 млрд теңге сомаға айлық резерв жөнелтілді.

"Өңірлер әкімдіктерімен қалған заттар бойынша тексеру жүргізіліп, "қызыл аймақтарды" жедел қажеттілік препараттары бойынша, сондай-ақ жергілікті жерлердегі дәрі-дәрмектерге болжамды қажеттілік бойынша талдау тұрақты негізде жүргізіледі", деді Е. Есқалиев.

Бөлісу:
Ауруханаларға қажетті препараттар жеткізілді ме? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар