Аймақтар
1 мин оқу 620

Атырауда 2 трлн 467 млрд теңгенің өнімі өндірілді

<p style="text-align: justify;">Жыл басынан мұнайлы өңірде өнеркәсіптік өнімнің көлемі 2 трлн 467 млрд теңгені құрады. Бұл туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов мәлім етті, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>⠀</p>

Атырауда 2 трлн 467 млрд теңгенің өнімі өндірілді

"Соның ішінде тау-кен өнеркәсібінде 2 трлн 200 млрд  теңгенің өнімі өндірілді. Ал, өңдеу өнеркәсібіндегі өнімнің көлемі 267 млрд теңгеге жетті. Аталған көрсеткіштің республика көлеміндегі үлесі 20 пайызды құрайды", деді Махамбет Досмұхамбетов.

Мұнай-газ өнеркәсібі саласындағы кәсіпорындар "қара алтын" өндіруді тоқтатқан жоқ. Мұнайшылар 25 млн тонна мұнай мен 13 миллиард текше метрге жуық ілеспе газ өндіруге қол жеткізді.

Бөлісу:
Атырауда 2 трлн 467 млрд теңгенің өнімі өндірілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар