Әлем
1 мин оқу 1,435

Беларуссияда президенттік сайлау өтті

<p style="text-align: justify;">Бүгін Беларуссияда президенттік сайлау өтті. Бұл туралы Орталық сайлау комиссияның төрағасы Лидия Ермошина журналистерге мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Лидия Ермошинаның айтуынша, Минскіден басқа барлық аймақтың 50%-ы қатысқан. Сонымен бірге 12.00-дегі ақпарат бойынша Гомель және Могилев облыстарында сайлаушылардың 60%-дан астамы сайлау учаскелеріне келді. "Бұған пайыздар және мерзімінен бұрын дауыс беру сандары да кіреді", деп түсіндірді Орталық сайлау комиссиясының басшысы.

12.00-дегі нәтижелер бойынша Президенттік сайлауға сайлаушылардың келуі 54,57%-ды құрады.

Брест облысында сайлаушылардың жалпы саны 50,3% құрап отыр. Солардың қатарында Витебскте – 56,49%, Гомельде – 66,06%, Гроднода – 52,99%-ы сайлау учаскелеріне келген.

Әзірге Минскі жұртының тек 43,01%-ы дауыс берген.

Бөлісу:
Беларуссияда президенттік сайлау өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар