Аймақтар
1 мин оқу 480

Жаңаөзенде деструктивті діни ағымның өкілдері ұсталды

<p style="text-align: justify;">7 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті атыс қаруын заңсыз жасау және өткізу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының деструктивті діни ағымды ұстанушы 2 тұрғынын ұстады, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.</p>

Тінту барысында заттай дәлелдемелер, оның ішінде екі автомат, үш пистолет, дыбыссыз атуға арналған құрылғы, сондай-ақ оқ-дәрілер табылып, алынды.

9 тамызда сот күдікті адамдарды қамауды санкциялады.

Тергеу фигуранттардың экстремистік сипаттағы қылмыстарға қатысын тексеріп, істің өзге де мән-жайларын анықтауда.

Бөлісу:
Жаңаөзенде деструктивті діни ағымның өкілдері ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар