Қоғам
1 мин оқу 182

Алматыда екінші модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы басталды

<p style="text-align: justify;">Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram парақшасында&nbsp;300 төсек-орынға арналған, оның 30-ы реанимациялық, екінші модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы басталғанын жазды, - деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

"COVID-19-ға қарсы іс-қимыл шаралар аясында төсек санын арттырып, қуаттылықты күшейтуді жалғастырамыз. Бұл ретте 300 төсек-орынға арналған, оның 30-ы реанимациялық, екінші модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы басталды. Медмекеме медициналық газ жүйесімен, сондай-ақ КТ, УДЗ және рентген аппараттарымен қамтамасыз етілмек", - деп жазды Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында.

Оның айтуынша, госпиталь толығымен цифрлық негізде, яғни тексеру байланыссыз әдіспен, бақылау — бейнебайланыс арқылы жүргізіледі. Автоматтандырылған жүйе науқастың жағдайын жедел бақылауға, сондай-ақ "жасыл" және "қызыл" аймақтар бойынша қызметкерлердің қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Алматыда екінші модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы басталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар