Турнирге қатысудан бас тартуда
<p style="text-align: justify;">Үлкен теннистен 31 тамызда басталатын жылдың негізгі додаларының бірі саналатын US Open басталады. Алайда коронавируске байланыс­ты танымал спортшылар жарысқа қатысудан бас тартып отыр.</p>

Атап айтар болсақ, US Open турнирінің төрт дүркін жеңімпазы Рафаэль Надаль жарысқа қатыспайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ дәл осы турнирдің 2016 жылғы жеңімпазы швейцариялық Станислас Вавринка мен отандасы Роджер Федерер де турнирден сырт қалмақ. Федерер жарақатына байланысты АҚШ-тағы жарысқа бара алмайды. Ал Вавринка коронавирустен қауіптенеді.
Сонымен қатар әлемнің 9-ракеткасы Гаэль Фонфис, италиялық Фабио Фоньини, аустралиялық Ник Кирьос та турнирге қатысудан бас тартты. Ұйымдастырушылар биылғы турнирді көрерменсіз өткізуді жоспарлап отыр.