Ерболат Мұхамеджан "КАЗГЮУ Университеті" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды
<p style="text-align: justify;">Ерболат Амангелдіұлы Мұхамеджан "М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
Ерболат Мұхамеджан Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономика Университетін "Экономика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Үйленген, балалары бар.
Әр жылдары "Дана жол" қолданбалы экономика орталығында экономист-талдаушы болып жұмыс істеген. Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-де оқытушы, KAZGUU-дің Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар Жоғары мектебінде аға оқытушы, "Қазақстан" РТРК-да редактор-тележүргізуші қызметтерін атқарды. Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы әкімінің аппаратында жұмыс істеді. Сондай-ақ "Atameken TV" арнасында бас продюсердің орынбасары болған. Осы уақытқа дейін Білім және ғылым министрінің кеңесшісі қызметін атқарды.