Аймақтар
1 мин оқу 595
Шымкент қаласындағы Цитадель туризм орталығына айналуда
<p style="text-align: justify;">Шымкент қаласының туризм басқармасының қолдауымен жаңа туристік нысандармен танысу мақсатында "Туристік Қамқор" корпоративтік қорының және бірнеше ірі қазақстандық турфирмалардың өкілдері ескі қалашықта орналасқан Цитадельге барды.</p>

Ақпараттық турға қатысушылар қаланың көне тарихымен және "Ескі қалашық" кешенінің маңызды нысандарымен танысты.
Сонымен қатар, тур аясында қонақтар "Қылует" бірегей этнографиялық мұражайын аралады. Онда қазақтардың ежелгі тұрмысымен және салт-дәстүрлерімен танысуға, сондай-ақ қыш өнері бойынша шеберлік сыныптарына қатысуға мүмкіндік алды.
Айта өтейік, бұған дейін ескі қалашық аумағына гид-экскурсоводтарға арналған тест-тур ұйымдастырылған болатын.
Бөлісу: