Парламент
1 мин оқу 202

Елордадан Сенат депутатын сайлауда Ақылбек Күрішбаев көп дауыс жинады

<p style="text-align: justify;">Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында Сенат депутатын сайлау өтті, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a> ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.&nbsp;</p>

Елордадан еліміздің жоғарғы заң шығарушы органының жоғары палатасына үш кандидат тіркелген болатын. Таңдаушы мәслихат депутаттарының дауыс беруі нәтижесінде Ақылбек Күрішбаев 15 дауыс жинады. Ал қалған екі кандидат Мәулен Самамбетов пен Мейрамбай Оралов 2 және 3 дауыс қана жинай алды. Дауыс беруге қалалық мәслихаттың 21 депутатының 20-сы қатысты.

Бөлісу:
Елордадан Сенат депутатын сайлауда Ақылбек Күрішбаев көп дауыс жинады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар