Аймақтар
1 мин оқу 646
Атырауда 1 жастағы сәби құдыққа құлап кетті
<p style="text-align: justify;">Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Оқыс оқиға 11 тамызда сағат 23:15-те болған, - деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a>.</p>

"Департаменттің диспетчерлік пультіне Атырау қаласына таяу орналасқан Ақсай-2 елді мекенінде 1 жасар сәбидің құдыққа құлағаны туралы хабар түсті. Аталған елді мекеннің №23 көшесінде орналасқан жеке үйдің аумағында балақай ата-анасының бақылауынан тыс қалғаны анықталды. Жарақат алған сәби облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Қазір оның жағдайы ауыр күйде қалып отыр" -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Бөлісу: