Аймақтар
1 мин оқу 122

Қостанайда тағы бір провизорлық стационар жабылды

<p style="text-align: justify;">Қостанайда бүгін темір жол ауруханасының жанынан ашылған тағы бір провизорлық орталық жұмысын тоқтатты, - деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a>.</p>

Қостанайда тағы бір провизорлық стационар жабылды

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгін аталмыш емдеу мекемесінен соңғы 15 науқас айығып шығып, 5 науқас қалалық ауруханаға ауыстырылған. Ал 3 науқас түбіркүлез диспансеріне жатқызылыпты.

Провизорлық стационарда 24-шілде мен 12-тамыз аралығында 116 науқас емделіп шықты. Темір жол ауруханасына таяу күндері тиісті санитарлық тазалау шаралары жүргізілмек. Клиника келесі аптадан бастап  науқастарды қалыпты тәртіпте қабылдай бастайды.

Аймақта бүгінге дейін жалпы саны 370 провизорлық төсек-орын жабылған.

Қостанай облысы

Бөлісу:
Қостанайда тағы бір провизорлық стационар жабылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар