Энергетикалық кәсіпорындар қысқа дайындалуда
<p style="text-align: justify;">Бүгінгі таңда энергетикалық кәсіпорындар алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Энергетика министрлігінде хабарлағандай, 2020 жылы 8 энергоблок, 59 қазандық, 44 турбинаны жөндеу жоспарланған.
Осы жылғы 10 тамыздағы жағдайға сәйкес 4 энергоблокта (барлық энергоблоктардың 50%-ы), 22 қазандықта (барлық қазандықтардың 37%-ы) және 13 турбинада (барлық турбиналардың 29%-ы) тиісті жұмыстар аяқталды.
Жөндеудің әртүрлі кезеңдерінде 2 энергоблокта, 26 қазандықта және 20 турбинада жұмыстар атқарылып жатыр. ҚР Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр желілерін 2020-2021 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіне дайындау үшін жалпы ұзындығы 25 828 км электр беру желілерін, сондай-ақ 429 бірлік жоғары вольтты қосалқы станцияларды жөндеу көзделген.
Бүгінгі күні 14 500 км электр беру желілері мен 327 қосалқы станция жөнделді, бұл жылдық жоспардың 56%-ын (желілер бойынша) және 74%-ын (қосалқы станциялар бойынша) құрайды.