Елорда
1 мин оқу 1,434

Елордалық сәбилердің ең танымал есімдері

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қалалық әкім&shy;дігінің хабарлауынша, жыл басынан бері дүниеге келген ұл балалар арасында ең көп тараған есім Рамазан (97) болса, одан кейін Әмір (95), Әлихан (87), Алан (73) және Әли (72) есімдері тіркелген.</p>

Елордалық сәбилердің ең танымал есімдері

Ал қалалық статистика департа­ментінің деректері бойынша Омар, Макар, Әміре, Мирон, Тимофей, Демид, Ибрагим сияқты есімдер қайтадан танымал бола бастаған. Жаңа туған ер балалар арасында кездесетін ерекше есімдер: Инаят, Рамис, Дален, Далер, Адриел Арчи, Азарий, Арби. Өмір есігін енді ашқан қыз балалар арасында ең танымал Медина (150) есімі болса, үздік бестікке кіретін есімдер: Айлин (149), Аяла (114), Айша (113) және Амина (105). Сирек кездесетін есімдер: Алиша, Аруназ, Сафина, Ханифа, Эвелина, Айшабибі, Имона, Аврора, Тея, Яссауина.

Нұр-Сұлтан қаласында 2020 жыл­дың соңғы алты айында 14 123 бала дү­ниеге келген. Қалалық қо­ғам­­дық денсаулық сақтау бас­қар­ма­сы бас­шысының ана мен бала ден­сау­лы­ғын қорғау жөніндегі орын­баса­ры­ның міндетін атқарушы Татьяна Би­шораеваның айтуынша, елордада егіз­дер мен үшемдер саны артқаны байқалады. Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан перзентханаларында 93 егіз (өткен жылы – 77) және үш үшем (былтыр – 1) дүниеге келген. Күн сайын елордада 60-110 бала өмірге келеді.

Бөлісу:
Елордалық сәбилердің ең танымал есімдері · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар