Жаңалықтар
1 мин оқу 270

Павлодарда жоғалған баланың ата-анасы табылды

23 10-balaПавлодар облысы Ақсу қаласындағы ескі хоккей кортында ұйықтап қалып, артынан полиция учаскесіне әкелінген баланың ата-анасы табылды. Бұл туралы «Хабар» телеарнасы хабарлады.

Оның жоғалғанын еліміз телеарналарынан естіген баланың анасы полицияға хабарласқан екен.Іле әкесі де келіпті. Содан кейін ғана екеуінің ажырасып кеткені мәлім болды. Алайда, бүлдіршін Ертіс ауданында тұратын әжесінің қолында тәрбиеленген. Бұл уақыт аралығына дейін Батырханның жеке басын анықтайтын құжаты болмаған. Осы құжатты жасату үшін әжесі немересін Ақсудағы анасына алып келеді. Үлкендердің бейқамдығынан балаға сыртқа шығып, адасып кеткен. Әзірге бұл сәби құжаты ресімделгенге дейін мемлекет қамқорлығында болады.

Бақытбек Кенешұлы.

Бөлісу:
Павлодарда жоғалған баланың ата-анасы табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар