Қазақстан
1 мин оқу 1,170

Қазақстанда темекі бағасы қымбаттайды

<p style="text-align: justify;">Алдағы үш жылда шылымның ең арзаны 600 теңге болады. Қаржы министрлігі тиісті қаулыға өзгерістер енгізді, - деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz </a>Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап.&nbsp;</p>

Қазір құжат "Ашық НЛА" порталында қоғам талқысына ұсынылды. Жобаға сәйкес, биыл 1 қазаннан бастап темекінің ең арзан бағасы 470 теңге болады. Әрі қарай, баға біртіндеп 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін 600 теңгеге дейін көтеріледі. Жауаптылар бағаның өсуін кейбір үстеме шығындардың артуымен түсіндіреді. Айта өтейік, қазір шылымның ең арзаны - 440 теңге.

Шылым бағасын қымбаттату төмендегі кестеге сай жүргізіледі:

1.10.2020-31.12.2020 – 470 теңге;

1.01.2021-30.06.2021 – 500 теңге;

1.07.2021-31.12.2021 – 520 теңге;

1.01.2022-30.06.2022 – 550 теңге;

1.07.2022-31.12.2022 – 570 теңге;

1.01.2023 – 600 теңге.

Бөлісу:
Қазақстанда темекі бағасы қымбаттайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар