Аймақтар
2 мин оқу 1,030

Ауылда 90 орындық балабақша ашылды

Қазалы ауданының Ақсуат ауылында 90 орындық «Балауса» балабақшасы пайдалануға берілді. Жаңа балабақшаның ашылу салтанатына аудан әкімі Мұрат Ергешбаев қатысып, ауыл тұрғындарының қуанышын бөлісті.

Ауылда 90 орындық балабақша ашылды

– Өздеріңіз білесіздер, қазір Қазалы ауданы қарқынды құрылыс алаңына айналған. Соңғы 2 жылдың өзінде көптеген нысандар салынып, пайдалануға берілді. Оның ең ірісі ретінде Сырдария өзенінде «Әлсейіт» темір-бетон көпірін, Әйтеке би кентіндегі 6 көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысын айтсақ болады. Бұған дейін Ақсуат ауылының өзінен әлеуметтік маңызы бар 2 бірдей нысанның құрылысы басталған болатын.Бүгін міне соның бірі 90 орындық «Балауса» балабақшасы пайдалануға берілуде, – деген Мұрат Нәлхожаұлы балабақша меңгерушісі Шынар Мүберековаға бағалы сыйлықты табыс етті.

Жаңа ғимараттың ашылу салтанатында ауыл тұрғындары қуаныштарын жасыра алмады.

Ақсуат ауылы мемлекет қамқорлығынан шет қалып жатқан жоқ. Мәселен, біздің ауылда өткен жылы абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, орталық саябақ салынған болатын. Міне, бүгін де біз үшін ерекше күн болып тұр. Бұған дейін балабақша салу туралы мәселе көтерген болатынбыз. Көп уақыт өтпей-ақ ауыл ішінен заманауи үлгідегі зәулім ғимарат салынып, бүлдіршіндердің жан-жақты тәрбие алуына мүмкіндік туып отыр. Немерелеріміз енді жаңа балабақшаға барады. Ауыл орталығынан мемлекеттік бағдарлама аясында 150 орындық клубтың құрылысы жүріп жатыр. Амандық болса ол да жақын күндері аяқталып, елдің игілігіне пайдалануға берілмекші, – деді Ақсуат ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қуаныш Рзаханов.

Айта кетейік, бұл нысанның салынуына бюджеттен 396,8 млн теңге қаржы бөлінді. Екі қабатты сәулетті ғимаратты «ОрионLTD» ЖШС сапалы етіп салып шықты.

Балабақша 90 орынға арналған. Оның ішінде 2 топ 15 баладан, 3 топ 20 баладан орналасады. Оның аумағында негізгі ғимаратпен қатар, 5 топқа арнайы ойын алаңы бар.

Бөлісу:
Ауылда 90 орындық балабақша ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар