Аймақтар
1 мин оқу 361

Қостанайда Шәмші шығармашылығына арналған онлайн-концерт өтті

<p style="text-align: justify;">Қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына орай, бүгін Қостанай облысының мәдениет басқармасы аймақ тұрғындарына бірнеше онлайн-жоба тарту етті, - деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қостанайда Шәмші шығармашылығына арналған онлайн-концерт өтті

Бүгін түсте Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармония әншілері Шәмші әндерін орындады. Онлайн концерт әлеуметтік желілер мен жергілікті телевидение арқылы эфирге шықты.

"Мұның сыртында І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театры көпшілік көрерменге сазгердің өмірі мен  шығармашылығынан сыр шертетін «Әнім сен едің» атты қойылымды ұсынып отыр. Таяуда ғана сахналанған туынды алдын ала бейнетаспаға түсіріліп, композитордың туған күніне орай жергілікті телеарна арқылы көрермен назарына ұсынылды, - деді мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов.   

Қостанай облысы

Бөлісу:
Қостанайда Шәмші шығармашылығына арналған онлайн-концерт өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар