Әлем
1 мин оқу 154

COVID-19: Аустралияны алаңдатқан вирус

Аустралияда соңғы бір тәулікте о дүниелік болған адамдардың саны 25-ға жеткенін, осыған дейін мұндай санның болмағанын REGNUM хабарлайды.

COVID-19: Аустралияны алаңдатқан вирус

17 тамыз күні Аустралия Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі 24 сағат ішінде елде  жаңадан ауру жұқтырғандардың 289-ға артқанын, ал барлығы 23 576 аустралиялықтан вирус табылып, пандемия жарияланғалы 14 080 пациенттің жазылып шыққанын айтады. Сондай-ақ баспасөз қызметі ауруханаларда 680 адам емделу үстінде, ал олардың ішінде 47 пациенттің қарқынды ем қабылдап дәрігерлердің жіті бақылауында екенін жеткізген.

SARS-CoV-2-ні анықтау үшін 5,3 млн тест тапсырылып, материктегі жалпы көз жұмғандардың саны 421 адам болған. Әсіресе Виктория штаты тұрғындарын індет шарпуы өзге аймақтарға қарағанда жоғары екен. Жалпы тізімдегі ауырғандардың 17 047-ін осы викториялықтар құраған соң мұндағы карантин 13 қыркүйекке дейін созылып отыр.

Бөлісу:
COVID-19: Аустралияны алаңдатқан вирус · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар