Снукер: Ронни О'Салливан әлемнің алты дүркін чемпионы атанды

Англияның Шеффилд қаласында снукерден 31 шілде мен 16 тамыз аралығында әлем чемпионаты өтті, – деп хабарлайды Egemen.kz.

Турнирдің финалында Ронни О'Салливан мен Кайрен Уилсон күш сынасып, дүние жүзінің 2020 жылғы ең үздік снукершісін анықтады. Бұл жекпе-жекте Ронни О'Салливан өзінің жас қарсыласын 18:8 есебімен күйрете жеңіп, әлемнің алты дүркін чемпионы атанды. Әйгілі снукерші чемпиондық атақ жағынан бұған дейін дүниежүзілік доданың алтыреттен жеңімпаздары болған Рэй Риардон мен Стив Дэвисті қуып жетті. Алда тек, әлем чемпионы атағын жеті мәрте жеңіп алған Стивен Хендри ғана тұр.
Осы жеңісінен кейін Ронни О'Салливанрейтингтік турнирлердегі жеңіс санын 37-ге жеткізіп, рекордтық көрсеткішті бағындырды. Сондай-ақ, чемпион әлемдік рейтингтегі алтыншы сатыданкөтеріліп, Джадд Трамптан кейінгі екінші орынға жайғасты.
Биылғы әлем чемпионатының жүлде қоры 2,400,000 фунт стерлингті құрады (шамамен 1 317 765 467,52 теңге). Оның 500 мыңын Ронни О'Салливан қалтаға басса, Кайрен Уилсонға 200 мың фунт стерлинг бұйырды.
Еске салар болсақ, финалда өнер көрсеткен қос снукерші бұған дейін алты мәрте өзара күш сынасқан екен. Әзірге, жалпы есепте 4:2 есебімен Ронни О'Салливан алда тұр. Екі рет финалдық ойындарда жолдары түйісіпті. Алғаш рет 2017 жылы English Open турнирінің шешуші кезеңінде кездесіп, Ронни О'Салливан 9:2 есебімен басым түскен. Сондай-ақ, 2018 жылы өткен Champion of Champions додасының финалында тағы да Ронни О'Салливан 10:9 есебімен жеңіске жеткен екен.