Қоғам
2 мин оқу 3,864

Ащысай ауылының тұрғындары неге ашуланды?

Әлеуметтік желіде Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Бәйдібек ауылында жергілікті тұрғындар жиналып, шеру өткізгені жайында хабар тараған болатын. Оқиғаға осы аудандағы Ащысай ауылында болған қылмыстық оқиға түрткі болған екен, - деп хабарлайды egemen.kz.

Ащысай ауылының тұрғындары неге ашуланды?

Құқық қорғау орындары таратқан мәліметке сәйкес, 15 тамыз күні белгісіз біреулер осы ауыл тұрғынын өлтіріп кеткен. Денесінің тоғыз жерінен пышақ жарақатын алған адам Ащысай ауылының тұрғыны, қоғам белсендісі Нұрлан Ахметов болып шықты. Ауыр жағдайда аурухана жеткізілген азаматтың өміріне дәрігерлер де араша бола алмаған. Ал марқұмды ақтық сапарға шығарып салуға жиналған жұрт бұған дейін де қоғам белсендісіне бірнеше мәрте қастандық жасалғанын айтып, істің анық-қанығын тексеруге жергілікті құқық қорғау органдарының құлықсыздық танытып отырғанына наразылық білдірген. Ауыл тұрғындарының айтуынша, Нұрлан Ахметовке жасалған қастандыққа осы ауданның Бәйдібек ауылында тұратын қылмыстық топ мүшелерінің қатысы болуы мүмкін екен. Ал полицияның тергеу ісіне қатысты мәліметтерді ашық жарияламауы тұрғындардың көңіліндегі күдікті одан әрі қоюлата түскендей. Осы мәселенің жайын білмек болған наразы топ Бәйдібек ауылына келіп, жергілікті билік өкілдерімен кездескен екен. Ауыл тұрғындары ашық әңгімелесуден кейін тарады.

- Кісі өлімі 15 тамыз сенбіге қараған түні болды. Ер адамды өз үйінде белгісіз біреу пышақтап кеткен. Жарақат алған азамат Шелек ауылының ауруханасына жеткізілді, бірақ оны құтқару мүмкін болмады. Азамат алған жарақатынан қайтыс болды.​​ Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілерді ұстауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізілуде. Жағдай жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының бақылауында, - дейді оқиғаға орай ресми мәлімдеме жасаған Алматы облысының полиция департаменті.                                                                                                                                                                                                                                                                                                      Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.

Бөлісу:
Ащысай ауылының тұрғындары неге ашуланды? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар