Аймақтар
1 мин оқу 1,550

Жоғалып кеткен 3 жасар бала аман-есен табылды

<p style="text-align: justify;">Шымкенттік полицейлер үш жасар баланы аман-есен тапты. Бұл туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;хабарлайды.</p>

15 тамыз күні сағат 21:30 шамасында "102" нөміріне Әл-Фараби ауданының тұрғыны баласының жоғалып қалғанын хабарлаған. Осы хабарлама бойынша Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының Патрульдік полиция полкінің №966 автоэкипаж қызметкерлері Б.Ахметов және С.Абилов шұғыл іздестіру шараларына кіріскен. Жақын аумақтардың барлығын қарап, тұрғындардан сұрастырған.

Жедел іс-әрекеттің нәтижесінде үш жасар бүлдіршін Әл-Фараби ауданы Д.Қонаев көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің ауласынан табылып, аман-есен анасына жеткізілді. Балақайдың анасы оқыс оқиғаның алдын алып, ұлын дін аман тауып берген полиция қызметкерлеріне шексіз алғысын білдірді. Осы орайда, полиция қызметкерлері барлық ата-аналарға өз балаларына тиісті деңгейде көңіл бөліп, оларды қараусыз қалдырмауын сұрайды.

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.

Бөлісу:
Жоғалып кеткен 3 жасар бала аман-есен табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар