Спорт
1 мин оқу 350

ПСЖ басымдыққа ие, бірақ «РБ Лейпциг» қара жаяу емес

<p>Бүгін &laquo;РБ Лейпциг&raquo; Чемпиондар лигасының жартылай финалында ПСЖ командасымен кездеседі.</p>

ПСЖ басымдыққа ие, бірақ «РБ Лейпциг» қара жаяу емес

Ширек финалда неміс клубы «Атлетиконы», ал париждіктер «Аталантадан» басым түсті. Екі кездесу де 2:1 есебімен аяқталған еді. Бұрын екі команданың жолдары бір-бірімен қиылысқан жоқ. Екі ұжым Чемпиондар лигасының жартылай финалына алғаш рет шығып отыр. «РБ Лейпциг» – ПСЖ кездесуі 18 тамызда Нұр-Сұлтан уақытымен 00:50-де Estadio da Luz стадионында (Лиссабон, Португалия) өтеді. Екінші жартылай финалда ертең «Лион» мен «Бавария» арасында өрбиді. Чемпиондар лигасының жеңімпазы 23 тамызда анықталады.

Статистика:

– «Лейпциг» G тобын жеңіп, бір ғана жеңіліске ұшырады;

– 1/8 финалда «Лейпциг» «Тоттенхэмді» жеңіп, ширек финалда «Атлетикодан» басым түсті;

– ПСЖ топтық кезеңнен жеңіліссіз өтті;

– 1/8 финалда париждіктер дортмундтық «Боруссияны» жеңіп, ширек финалда «Аталантаны» турнирден шығарды;

– «Лейпциг» пен ПСЖ-ны неміс мамандары басқарады;

– «Лейпциг» те, ПСЖ де Чемпиондар лигасының финалында өнер көрсетпеген;

– ПСЖ араға 25 жыл салып Чемпиондар лигасының жартылай финалына шығып отыр;

– 1995 жылы ПСЖ Чемпиондар лигасының жартылай финалында «Миланға» жол берді (0:1, 0:2);

– 33 жасында Юлиан Нагельсман Чемпиондар лигасының жартылай финалына шыққан ең жас жаттықтырушы.

Бөлісу:
ПСЖ басымдыққа ие, бірақ «РБ Лейпциг» қара жаяу емес · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар