Руханият
1 мин оқу 751

Қайырымдылық – игі амал

<p style="text-align: justify;">&laquo;Алланың жолында не жұмсасаңдар да, Алла Тағала міндетті түрде оның орнын толтырады&raquo; (&laquo;Сәбә&raquo; сүре&shy;сі, 39-аят). Адамның айналасындағы мұқтаж жандарға де&shy;ген ықыласы мен көмегі адамгершілік қарым-қатынастар&shy;дың озық үлгісі болса керек. Жүрегінде иманы бар жұрт қолынан келгенше Алла алдындағы қасиетті парыз&shy;дың бірін қайырымдылық деп біледі.</p>

Қайырымдылық – игі амал

Осындай қайырымдылық шарасын жақында имандылықтың ор­дасы саналатын Нұр-Сұлтан қаласындағы Әзірет Сұлтан мешіті жасады. Мешіттің бас имамы Ерболат Жүсіповтің бастамасымен «Астана қаласы мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі мен «Семей-ЯП» қоғамдық қорына қайырымдылық жасап, мұқтаж жандарға көмек қолын созды.

– Осындай қиын-қыстау кезеңде мүгедек, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп отырған Әзірет Сұлтан мешітінің ұжымына, оның бас имамы Ерболат Жүсіповке алғысымызды жеткізгіміз келеді. Мешіт атынан біздің мүшелерімізге елуге тарта азық-түлік себетін таратты. Алланың нұры жаусын! Қайырымды жандарға үлкен алғысымызды білдіреміз, – дейді «Астана қаласы мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі мен «Семей-ЯП» қоғамдық қорының төрағасы Болатбек Әбдікәрім.

Мешіттің бас имамы қайырымдылық шарасы алдағы уақытта да жалғасатынын, аталған қоғамдық бірлестік пен қоғамдық қордың көмекке мұқтаж азаматтарын әркез қолдап, көмек көрсете­тіндерін жеткізді.

Бөлісу:
Қайырымдылық – игі амал · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар