Аймақтар
1 мин оқу 226

Түрмеге телефон кіргізбек болған ақтөбелік ұсталды

<p style="text-align: justify;">Ақтөбеде аяқ киімге телефон жасырып, түрмеге кіргізбек болды, &ndash; деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ІІМ-нің Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.&nbsp;<br /><br /><br /></p>

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты КА-168/1 тергеу изоляторының тәртіп және күзет қызметкерлері мекемеге келген сәлемдемелерді тексеру кезінде, аяқ киімнің табанына мұқият жасырылған екі ұялы телефон және екі “Beeline” сим-картасы мен зарядтағыш құрылғыларды тауып, тәркіледі.

Мекемеге тыйым салынған заттарды Ақтөбе қаласының Р. М. есімді 1990 жылғы тұрғыны (кісі өлтіру бабы бойынша) қамауда отырған ағасына жеткізбек болған. – Азамат Р. М. өзінің түсініктемесінде кінәсін толық мойындады.

Құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы бойынша хаттама толтырылып, материал Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды, - деп хабарлайды Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.


Бөлісу:
Түрмеге телефон кіргізбек болған ақтөбелік ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар