Аймақтар
1 мин оқу 402

Ауласында есірткі өсірген атыраулық қолға түсті

<p style="text-align: justify;">Атырау полицейлері Еркінқала селосы тұрғынының ауласынан өсіп тұрған 1898 түп есірткі шөбін тапты, &ndash; деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы Polisia.kz сайты жазған.&nbsp;<br /><br /><br /></p>

Полиция департаментінің қызметкерлері “Қарасора” алдын-алу шарасы барысында, қала шетінде орналасқан Еркінқала селосы тұрғынының үйінің ауласынан заңсыз өсірген 1898 түп қара сора тауып, тәркіледі. Тексеру барысында, полицейлермен осы мекен-жайдан бұдан басқа кептірілген сора табылып, алынды.

Сараптама қорытындысымен кепкен сораның салмағы 1 килограмм 25 грамм болып шықты. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеп-тексерулер ҚР Қылмыстық Кодексінің 300 және 296-баптары (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) және (Есірткі, психотроптық заттарын, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша жүргізілуде.


Бөлісу:
Ауласында есірткі өсірген атыраулық қолға түсті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар