Аймақтар
1 мин оқу 342

Атырауда кәсіпкерлердің 54 пайызының табысы төмендеген

<p style="text-align: justify;">"Атамекен" ҰКП Атырау өңірлік палатасының директоры Абдулла Идресовтің айтуынша, 3 мыңға жуық кәсіпкердің арасында арнайы сауалнама жүргізіліпті, - деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырауда кәсіпкерлердің 54 пайызының табысы төмендеген

"Атырау облысында 18 705 бизнес субъектісі бар. Пандемия кезінде неғұрлым көбірек зардап шеккен сауда мен қоғамдық тамақтану орындарында, сауда-ойын-сауық орталықтарында кәсібі бар 3 мыңға жуық кәсіпкерден сауалнама алынды. Сауалнамаға сәйкес, кәсіпкерлердің 40%  қызметкерлерін қысқартқан, 34% дағдарыс жағдайында, ал 54%-да табыс айтарлықтай төмендеген", - деді Абдолла Идресов.

Оның мәліметінше,  елімізде кәсіпкерлікті қолдау үшін кешенді шаралар әзірленуде. Шағын және орта бизнес субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету шарасының қатарында зардап шеккен салаларда несие төлемін биылғы 1 қазанға дейін кейінге қалдыру мүмкіндігі ұсынылып отыр.

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.

Бөлісу:
Атырауда кәсіпкерлердің 54 пайызының табысы төмендеген · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар