Аймақтар
1 мин оқу 6,196

Атырауда темір қоршауға шаншылып қалған ер адам құтқарылды

<p style="text-align: justify;">Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына қарағанда, оқыс оқиға кеше, 18 тамызда сағат 17:30-да болған, - деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырауда темір қоршауға шаншылып қалған ер адам құтқарылды

"1974 жылы туған ер адам мас күйінде Сәтбаев көшесіндегі №33 үйдің темір қоршауының үстінен  өтуге тырысқан. Алайда, ол тепе-теңдігін жоғалтып, қоршауға құлаған. Сол кезде темір қоршаудың ұшы аяғын тесіп өткен. Оқиға орнына жедел жеткен жедел-құтқару жасағының 4 құтқарушысы темірді қолмен шығару еместігін анықтады.  Осыған байланысты торды кесу туралы шешім қабылданды. Құтқарылған азамат жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды", - деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.

Бөлісу:
Атырауда темір қоршауға шаншылып қалған ер адам құтқарылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар