Аймақтар
1 мин оқу 274

Алматы облысында "7-20-25" бағдарламасы бойынша үйлердің құрылысы жалғасуда

<p style="text-align: justify;">Сенат депутаттары Нұртөре Жүсіп пен Динар Нөкетаева Алматы облысының бірқатар ауданына барды. Олар көп пәтерлі үйлердің құрылысы, автомобиль жолдары, мектептерді жөндеу, тарихи ескерткіштер мен мәдениет нысандарын қалпына келтіру жұмыстарын тексеруде, - деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Райымбек ауданының әкімі сенаторларға «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүргізіліп жатқан үйлердің құрылысы туралы айтып берді. Сонымен қатар депутаттар келесі жылы 90 жылдық мерейтойы атап өтілетін атақты ақын Мұқағали Мақатаевтың кіші Отаны – Қарасаз ауылында болып, шекара заставасына да барып, өткен сессиядағы заңнамалық өзгерістер мен сенаторлардың заңнамалық бастамалары туралы ақпарат берді.

Депутаттар Мемлекет басшысының тапсырмаларын заңнамалық қамтамасыз ету жұмыстары туралы айтып, сондай-ақ азаматтармен коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бағытындағы Үкімет қабылдаған шаралардың және халықтың осал топтарын қолдау тетіктерінің тиімділігін талқылады. Сенаторлар қазіргідей жауапты уақытта мемлекеттік органдар жұртшылықтың қатысуымен дәрі-дәрмектердің, азық-түлік өнімдерінің бағасын қатаң бақылап, КВИ-мен күресуге бөлінген бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қадағалауы қажет екенін атап өтті.

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.


Бөлісу:
Алматы облысында "7-20-25" бағдарламасы бойынша үйлердің құрылысы жалғасуда · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар