1424 сall-орталығының бейнесін рубик кубиктарынан жинады
<p style="text-align: justify;">Рубик кубиктарынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы полотно пайда болды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі парасаттылық қағидаттарын дамытудың және ведомство қызметі туралы халықты хабардар етудің жаңа тәсілдерін қарастыруда, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Рубик кубиктерінен ұлы Абайдың портретін жасағаннан кейін кеңінен танымал болған елордалық жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттері Тынысбек Бөпіштай мен Қанат Ахметрасул арнайы тақтаға Агенттіктің логотипі мен 1424 Сall-орталығының нөмірі көрсетілген суретті салды.
Олардың кәсіби деңгейде орындалған шығармалары – Рубик кубикінен жасалған Абай Құнанбаев, Шәмші Қалдаяқов, Жақсылық Үшкемпіровтің портреттеріне жұртшылық тәнті болды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке арналған ұзындығы 1,6 метр, ені 1,1 метр ақпараттық полотноны жас дарынды жігіттер 2 сағат ішінде жинады.
Т.Бөпіштай қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі жұмысқа қатысуды өзінің азаматтық парызы деп санайтынын атап өтті. Ол сондай-ақ өз құрдастары мен барлық отандастарын парасатты болуға және сыбайлас жемқорлықсыз Қазақстанды бірге құруға шақырды.