Экология
1 мин оқу 750

Қазақстанның бірнеше облысына дауылды ескерту жарияланды

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның бірнеше облысына дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

21 тамызда Қарағанды облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды қаласында күндіз 21 тамызда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі.

Жезқазғанда  оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.

Бөлісу:
Қазақстанның бірнеше облысына дауылды ескерту жарияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар