Экология
1 мин оқу 421
Қызылордада заңсыз киік аулаған тұрғын ұсталды
<p style="text-align: justify;">Қызылордада заңсыз киік аулаған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары мен Арал аудандық полиция бөлімі рейд жүргізіп, Құланды елді-мекен аумағында заңсыз киік аулаған азаматты ұстады.
Тексеру барысында екі киік тәркіленді. Қазір бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 339-1-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Бөлісу: