Орфографиялық жұмыс тобының отырысы өтті

Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен кеше «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспары» аясында, Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия жанындағы Орфографиялық жұмыс тобының кезекті отырысы онлайн форматта өткізілді.

Шараға Орфографиялық жұмыс тобы мүшелері, Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті төрағасының орынбасарлары Болат Кеңесов пен Азамат Рысжанов және тәуелсіз сарапшылар қатысты.
Мәдениет және спорт вице-министрі, Орфографиялық жұмыс тобының төрағасы Н.Дәуешов жаңа әліпбиді енгізу және осыған сәйкес емле ережелерін жасау мәселелері төңірегінде кіріспе сөз сөйледі.
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты А.Фазылжанова жаңа әліпби негізінде қазақ тілінің емле ережелері жобасына орфографиялық топ мүшелері мен тәуелсіз сарапшылардың қорытынды сараптамасы бойынша баяндама жасады.
Баяндамашы жұмыс тобы мүшелері жәнетәуелсіз сарапшылар тарапынан айтылған сын-пікірлерге ғылыми түрде дәйекті жауап беріп, орынды ұсыныстардың ескерілетін атап өтті. Емле ережелер мейілінше екшеліп, ғалымдар сүзгісінен сан мәрте өткізіліп отырған себебі – оның көпшілік тұтынуға ыңғайлы болуын қадағалау екенін жеткізді.
Бас қосу барысында, орфографиялық жұмыс тобы мүшелері және тәуелсіз сарапшылардың емле ережелер бойынша берген ұсыныс-пікірлері кең түрде талқыланып, емле ережелер бойынша айтылған ұсыныстар мен пікірлерді ескеру және латыннегізді әліпби бойынша пернетақта жобасын әлі де пысықтау қажет деген шешім қабылданды.