Аймақтар
1 мин оқу 520
Шымкентте ашық спорт алаңшалары пайдалануға берілді
<p style="text-align: justify;">Шымкентте бұқаралық спортты дамыту мақсатында тұрғынүй аулаларындағы спорт алаңшалары пайдалануға беріліп, тұрғындардың спортпен тегін шұғылдануына мүмкіндік туып отыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атап айтқанда, Нұрсәт, Тұран шағынаудандары, Достық пен Қайнарбұлақ тұрғын алаптары және Қайнарбұлақ саяжайында орналасқан 10 ашық спорт алаңшасы тұрғындар игілігіне пайдалануға берілді.
Құрылыс жұмыстарын «АлемСтрой-1» ЖШС мердігер мекемесі жүргізді.
Спорт алаңшаларына 50 орындық пен 50 қоқыс жәшігі орнатылды. Сондай-ақ, қосымша элементтер ретінде 15 жаттығу тренажеры мен арнайы «Street Workout» жаттығуына арналған спорттық құралдар қойылды.
Бөлісу: