Әлем
1 мин оқу 260

Бейжің тұрғындарына бетпердесіз жүруге рұқсат берілді

<p style="text-align: justify;">Қытай астанасындағы денсаулық сақтау органдары сыртта бетперде кию туралы талапты алып тастады, - деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Рейтер агенттігіне сілтеме жасап.</p>

Карантин шараларын жеңілдету мақсатында Бейжің тұрғындарына көшеде бетпердесіз жүруге рұқсат етілді. Екі апта бойы қалада COVID-19 індетін жұқтыру деректері кездеспеді. Тұрғындарға медициналық масканы тағу міндеттелмесе де бұқара халық бетпердесін шешуге асығар емес.

«Мен масканы кез-келген уақытта шешіп тастай аламын. Бірақ бұл қылығымды басқалар қалай қабылдайтынын білгім келеді. Себебі көпшілік маскасыз жүрген адамдардан әлі де қорқады деп ойлаймын», - дейді 24 жастағы Пекин тұрғыны.

Бөлісу:
Бейжің тұрғындарына бетпердесіз жүруге рұқсат берілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар