Аймақтар
1 мин оқу 292

Алаяқ бас бостандығынан айырылды

<p style="text-align: justify;">Қызылорда қаласының тұрғыны 2019-2020 жылдары "көпқабатты үйлерден пәтер алып беремін, пайызсыз несие алуға көмектесем, жұмысқа орналастыра аламын", деген түрлі желеумен жұрттың сеніміне кіріп, жалпы сомасы 2&nbsp;200&nbsp;000 теңге көлемінде ақша алған. &nbsp;Алаяқтың арбауына облыстың 3 тұрғыны түсіп үлгерген, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz.</a></p>

Алаяқ бас бостандығынан айырылды

Тұрғындар арызы негізінде Қызылорда облыстық Полиция департаменті қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде облыс орталығының 47 жастағы тұрғыны  ұсталды. Тергеу барысында күдікті әйел кінәсін толығымен мойындады. 

Оның іс-әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен сараланып, қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды.

Қалалық сот үкімі негізінде айыпталушыға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жұртқа келтірілген шығынды заңмен белгіленген тәртіппен өтеуге міндеттелді.

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.


Бөлісу:
Алаяқ бас бостандығынан айырылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар