Республикалық жоба аясындағы ойын
<p style="text-align: justify;">Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен "Мың бала" республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында "Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі" атты зияткерлік ойыны өткізілді. Ойынға қала мектептерінен 15 оқушы қатысты, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a>.</p>

Мемлекеттік тілді үйретудегі инновациялық идеяларды жинақтау және тарату мақсатында өткен ойынды "Қоғамдық келісім" КММ аға сарапшысы Гүлзира Сәрсенбек жүргізіп, "Мың бала" республикалық мәдени-ағартушылық жобасы туралы айтып өтті.
Оқушылар карантин режимін сақтай отырып, үш бағыт бойынша жарысты. Kahoot.it - цифрлық smart сервисі арқылы қосылып, "Тіл – ұлы байлық", "Полиглот" және "Брэйнг ринг" кезеңдерінде өз білімдерін ортаға салды.
Нәтижесінде бірінші орынды №10 "Білім-инновация" мектеп лицейі, екінші орынды Қалтай Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясы, үшінші орынды Б.Шалғынбаев атындағы №217 IT мектеп-лицейі, төртінші орынды №198 Ж.Нұрманов атындағы орта мектебі, бесінші орынды Н.Ахмадеева атындағы №112 орта мектептің оқушылары иеленді.