Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 182
Шәріпова әлем чемпионы атанды
<p style="text-align: justify;">Қазақстандық Фируза Шәріпова (10-1, 5 КО) IBA нұсқасы бойынша бі­рінші орта салмақта әлем чемпионы атан­ды. Ресейдің Қазан қаласында өткен кәсіби бокс кешінде жерлесіміз тан­за­ниялық Хэппи Даудиді (8-6-1, 4 КО) айқын басымдықпен жеңді.</p>

Бұл кеште қазақстандық боксшы бәсеке тізгінін бірден қолға алып, соққыларын қарсыласына дәл дарыта білді. Аяғымен де жылдам қимылдаған Фирузаның басымдығы айқын көрінді. Оның жойқын соққысына шыдай алмаған Х.Доуди бесінші раундта жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.
Осылайша кәсіби боксқа қайта оралған 25 жастағы Ф.Шәріпова қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.
Бөлісу: