Коронавирус
1 мин оқу 200

Коронавирус жұқтырған 309 адамның жағдайы нашар

<p style="text-align: justify;">Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 10 597 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Бұл туралы&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.</p>

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 10 597 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 52 өскіншек бала бар. Стационарларда 5 673 науқас жатыр. 4 924 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 309 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 70 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 50 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр", - делінген хабарламада.

COVID-19 белгілері бар пневмонияның 84 жағдайы тіркелді, 2 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 823 адам жазылып шыққан.

1-24 тамыз аралығында науқастар саны - 22774-ке жетті, өлім жағдайлары - 258, барлығы 4519 адам сауығып шықты.

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.

Бөлісу:
Коронавирус жұқтырған 309 адамның жағдайы нашар · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар